Бүгін
«Оқуды ілгерілету» бірлескен онлайн жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Тұрсынов Нұғман, Даниярұлы Нұрислам және Айтымбетов Дінмұхамед тікелей эфирде Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын талқылады. Бұл шығарма аталған оқу орны курсанттарының сүйікті шығармаларының бірі. Талқылау барысында курсанттар роман кейіпкерлері жөнінде, автордың айтқысы келген ойы туралы пікірлерімен бөлісті. Шығарманың жастарға беретін тәрбиелік мәніне, бас кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталып, көрермендерге романды оқуға кеңес берді.