Құнанбаев Сапарбек Құнанбайұлы

ҚҰНАНБАЕВ Сапарбек Құнанбайұлы (17.9.1946, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Өскен а.) — саясаттанушы ғалым, жерге қоныстандырушы инженер. 1970 ж. Алматы малдәрігерлік ин-тын бітірген. 1974—76 ж. Атбасар ауд. " Шу" кеңшарында аға зоотехник, аудандық басқарма бастығының 1-орынбасары. 1976 ж. Целиноград обл. Атбасар ауд. Самар кеңшарының директоры болған. 1979— 80 ж. Қазақстан Компартиясы Целиноград ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, Қазақстан Компартиясы Селетин ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1986—87 ж. Маринов ауд-ның 1-хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК- нің инспекторы, 1991 ж. ҚР Президенті аппараты мен Мин. Каб-нің аға инспекторы қызметіне тағайындалады. 1992—94 ж. Көкшетау обл. әкімшілігі басшысының 1-орынбасары, ҚР Мин. Каб-нің агр. мәседелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан Көкшетау обл. Щучье ауд-ның әкімі, Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі обл. к-ттің төрағасының орынбасары, 2005 жылдан Солт. Қазақстан обл. жер қатынастары жөніндегі басқарманың бастығы. "Құрмет Белгісі" орденімен және 6 медалмен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Визитка литературная «Звездный путь Мориса Симашко». 100 лет со дня рождения Мориса Симашко.

Визитка литературная «Звездный путь Мориса Симашко». 100 лет со дня рождения Мориса Симашко.

Приглашаем посмотреть наш онлайн проект «Музей редкой книги»

Приглашаем посмотреть наш онлайн проект «Музей редкой книги»

Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы

Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы