Мусин Үмітбай Мұсаұлы

МУСИН Үмітбай Мұсаұлы (1907, Солт. Қазақстан обл. Төңкеріс (қазіргі Шал ақын) ауд. Жалтыр а. — 1942) — қоғам қайраткері. Кедей шаруа отбасынан шыққан. 15 жыл байларға жалданып жұмыс істеген. Кеңес билігі кезінде білім алған. 1929 — 30 ж. Преснов (қазіргі Тимирязев) ауд. "Жарқын'' колхозында колхозшы болып жұмыс істеген. 1-шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің№ Солт. Қазақстан обл. кеңесінің деттаты болып сайланған. 1930-37 ж. Төңкеріс ауд. №285 "Октябрь" ет-сүт кеңшарының жұмысшысы, егістік бригадасының бригадирі; 1938—39 ж Төңкеріс ауд. атқару к-ті төрағасынің орынбасары, төрағасы; 1940—41 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасынің орынбасары қызметтерін атқарған. 1941 ж. М. майданға аттанып, полк партбюросының хатшысы болған. 1942 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлікпен қаза табады. Әскери "Қызыл Ту" орденімен, "Қазақтанның 15 жылдығы" белгісімен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Букетов Евней Арстанович

Букетов Евней Арстанович

Викторина к 30-летию Независимости

Викторина к 30-летию Независимости

"Курсы французского языка. Слова, показывающие частоту действий

"Курсы французского языка. Слова, показывающие частоту действий