Үмітбаев Қажымұрат

ҮМІТБАЕВ Қажымұрат (1897, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Баян а. - 3.8.1987, сонда) - еңбек ардагері. Еңбек жолын 1912 ж. батрақ (малай) болып бастаған. 1930 ж. "Жетістік" ұжымшарының ферма меңгерушісі, 1932-35 ж. астық бастыратын машинаның жүргізушісі, 1935-39 ж. "Баян" ұжымшарының төрағасы. 1939-41 ж. Баян МТС-нда директор, 1941-45 ж. "Баян" ұжымшарының, 1946-50 ж. Лешін (қазіргі Есіл) ауд. "Жарқайың" ұжымшарының, 1950-54 ж. сол ауданның "Еңбек" ұжымшарының төрағасы қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдары өз қаражатынан танк колоннасының құрылысына 60 мың сом ақша аударған. Қазақстан Компартиясы ОК У-тың атына жеделхат жіберді, онда: "Құрметті Үмітбаев. Қазақстан КП ОК Сізге Қызыл Армияға көрсеткен көмегіңіз үшін алғыс айтады. Сіздің жеке есепшотыңызда жинаған ақшаңыздан танк колоннасының құрылысына аударған 60 мың сомыңыз Қызыл Армия жауынгерлерінің неміс-фашист басқыншыларына бұдан да күштірек қирата соққы беруге көмектеседі" - делінген. Ол "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медалдермен марапатталған.

С.Жұмабаев

Возможно вам будет интересно

Тонгар Х. К. Сен білмейтін 50 дерек. Ғарыш

Тонгар Х. К. Сен білмейтін 50 дерек. Ғарыш

Исаев Мұхамеджан Кирейұлы

Исаев Мұхамеджан Кирейұлы

Экоклуб «Экология и экологические проблемы Казахстана»

Экоклуб «Экология и экологические проблемы Казахстана»