Мейірманов Еркін Нұрмұханбетұлы

МЕЙІРМАНОВ Еркін Нұрмұханбетұлы (28.1.1932, Айыртау ауд. Володаров с.) — еңбек ардагері. Қазақ ауыл ш. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1957—60 ж. Есіл ауд. Ильич атынд. МТС-та және Тимирязев ауд. "Степной" кеңшарында механик болды. 1960—66 ж. Марьев және М. Жұмабаев атынд. ауд-ндағы Чистов кәсіптік-тех. уч-шесінің директоры, обл. кәсіптік-тех. білім беру басқармасы бастығының орынбасары болған. 1966—67 ж. Совет (Аққайың), Ленин (Есіл) аудандарында жауапты қызметте болды. 1975— 87 ж. Мәскеу ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1987—92 ж. Солт. Қазақстан обл. кәсіптік-тех. білім беру басқармасының бастығы, кейіннен обл. агро-өнеркәсіп төрағасының орынбасары болған. 1992 жылдан құрметті еңбек демалысында. Қазан революциясы. Еңбек Қызыл Ту. "Халықтар достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медалдермен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Серғалиев Мырзатай

Серғалиев Мырзатай

«Обличитель пуританства - The Puritan's Denouncer». К 220-летию писателя Натаниеля Хоторна

«Обличитель пуританства - The Puritan's Denouncer». К 220-летию писателя Натаниеля Хоторна

Есенберлин І. Алтын Орда

Есенберлин І. Алтын Орда