Малдыбаев Ғалым Рахметұлы

МАЛДЫБАЕВ Ғалым Рахметұлы (14.5.1902, қазіргі Шал ақын ауд. Жаңажол а. - 3 21.6.1982, сонда) — журналист. ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мәскеу Шығыстану ун-тін (1936). Киров атынд. ҚазМУ-ды (1943), КСРО Жазушылар Одағы жанындағы Жоғары әдеби курсын бітірген. Б.Майлинмен, С.Мұқановпен, Ғ.Мүсіреповпен, М.Жұмабаевпен жақын араласқан. 20-жылдардың аяғында «Бостандық туы» ("Ленин туы", "Солтүстік Қазақстан") газеттері редакторының орынбасары, 30-жылдары Орал қ-ндағы "Орал өңірі", "Қызылту" газеттерінің, Баянауылдағы "Колхоз" газетінің, Павлодардағы "Ленин жолы" газетінің редакторы болған. 1932 ж. орталығы Петропавл қ-нда орналасқан Қарағанды обл. Жазушылар кеңесінің төрағасы. 1945 жылдан "Социалистік Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. "Балға-орақ" (1930), "Доңғалақ" (1932), "Желдірме" (1963), "Ақ кептер" (1968), "Қалдырған" (1972), "Избранное" (1978), "Сарыарқа" (1980) өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. Оның шығарм-ның биік шыңы саналатын "Қырым қызы" поэмасы М-ты көпшілікке танымал етті (1958).

Возможно вам будет интересно

Приглашаем на прямой эфир "Легенда Казахстанской сцены"

Приглашаем на прямой эфир "Легенда Казахстанской сцены"

"Только смерть разлучила их: Магжан и Зулейха". К 130-летию поэта Магжана Жумабаева

"Только смерть разлучила их: Магжан и Зулейха". К 130-летию поэта Магжана Жумабаева

Тоқтабай А. Қазақтың киелі жерлері (тарихи-архитектуралық, этнографиялық зерттеулер, мақалалар, фольклорлық деректер)

Тоқтабай А. Қазақтың киелі жерлері (тарихи-архитектуралық, этнографиялық зерттеулер, мақалалар, фольклорлық деректер)