Мұқыжанов Есенгелді

МҰҚЫЖАНОВ Есенгелді (25.4.1944, қазіргі М. Жұмабаев атынд. ауд. Ленин с. - 2006) — қоғам қайраткері. Петропавлдағы т.ж. уч-щесін (1961), Қазақ политех. ин-тын (1969). Алматы Жоғары партия мектебін (1988) бітірген. Еңбек жолын Петропавл з-ттарында жұмысшы болып бастаған. 1969—87 ж. Алматының құрылыс мекемелерінде жұмыс істеп, қатардағы мастерден "Алматыспецстрой" тресінің бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. 1987—91 ж. Алматы қ. Мәскеу ауд. атқару к-тінің төрағасы: 1991—92 ж. қалалық атқару к-ті төрағасының орынбасары; 1992-94 ж. Калинин ауд-ның әкімі, кейіннен ҚР Туризм және спорт, жастар істері жөніндегі министрінің орынбасары; 1994-96 ж. ҚР Президенті әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде мемл. инспектор: 1996 жылдан "Сайран" халықар. автовокзалы ААҚ-ның президенті болды. 1999 ж. Алматы қ-лық маслихатына депутат болып сайтанған. "Құрмет" орденімен және медалдермен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Роулинг Дж. К. Гарри Поттер и Тайная комната

Роулинг Дж. К. Гарри Поттер и Тайная комната

Сондерс Д. История монгольских завоеваний. Великая империя кочевников от основания до упадка

Сондерс Д. История монгольских завоеваний. Великая империя кочевников от основания до упадка

Makerspace. Создание веб-страницы

Makerspace. Создание веб-страницы