Мұстафин Қанафия

МҰСТАФИН Қанафия (1906, Петропавл уезі Тонкерей болысы ғ4 ауыл, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Тимирязев ауд. Ынтымақ а. - 16.4.1973. Алматы қ.) — қоғам қайраткері. журналист, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Алматы қ-ндағы Қазақ журналистика коммунистік ин-тын. Қазақ марксизм-ленинизм ин-тын (аудармашылар бөлімін), Мәскеу қ-ндағы ВКП(б) ОК жанынадағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1931 ж. партия к-тінің хатшысы, Семенов шөп шабатын машина ст. директорының орынбасары, ауд. атқару к-ті ұйымдастыру бөлімінң меңгерушісі, Ақмола ауд. "Ақмола екпіндісі" газетінің жауапты хатшысы;1937-38 ж. Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі жанындағы радиокомитеттің әдеби бөлімінің меңгерушісі; 1938-40 ж. Ақтөбе обл. "Социалистік жол" газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе обл. партия к-тінің лекторы; 1940-41 ж. Ақтөбе обл. Жұрын ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1941-43 ж. Ақтөбе обл. партия к-тінің қадрлар жөніндегі хатшысы; 1945-50 ж. Ақтөбе обл. партия к-тінің үгітнасихат жөніндегі хатшысы; 1950-51 ж. Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі жанындағы Қазақ радиохабарларын тарату к-ті төрағасынің 1-орынбасары: 1951-53 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстары жөніндегі к-ттің төрағасы; 1953-56 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары; 1956-60 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Радиохабарлар тарату және теледидар к-тінің төрағасы; 1960-64 ж. Қазақ КСР Мәдениет мин-ндегі басқарма бастығы; 1964-70 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі Баспа ісі жөніндегі мемл. к-т төрағасынің орынбасары қызметтерін атқарған. 1959 жылдан КСРО Журналистер одағының мүшесі. 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен. "Ерен еңбегі үшін", "1941-45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін", "Тың жерлерді игеруге қатысқаны үшін", т.б. медалдермен, "БХШЖК қатысушысы" үлкен күміс медалімен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Шығ.: Қыр жігіті (повесть); Қазақтың көркем әдебиет баспасы, А., 1964; 1969; Ақ тарының атасы А., 1967; Қыз шоғы. А., 1983.

Қ. Мұқанов

Возможно вам будет интересно

Доступное жильё

Доступное жильё

Прямой эфир "Дело расследует комиссар Мегрэ"

Прямой эфир "Дело расследует комиссар Мегрэ"

Жас азамат газеті

Жас азамат газеті