Мәмеков Ғалауетден Есілбайұлы

МӘМЕКОВ Ғалауетден Есілбайұлы (1891. СҚО қазіргі Жамбыл ауд. 3-а. - 1938. Ресей, Омбы қ.) — белгілі педагог, публицист. Троицкідегі медресені бітірген. Орыс және татар тілдерін жақсы білген. 1923—28 ж. Петропавл қазақ пед. техникумында орыс тілі. физика. табиғаттану" пәндерінен мұғалім болып жұмыс істеген. Алашорда белсенділері Ж. Тілеулин, Х.Болғанбаев, Б.Айбасов. т.б. жақсы қарым-қатынаста болған. 20-жылдары өзі Пресногорьск мектебінде бірге оқыған ақын-революционер Б.Ізтөлин туралы жазады. 1928 жылдан үкімет орындары қуғындап, 1938 ж. Омбы обл-нда тұтқындалып, атылады. М. туралы С.Мұқанов "Өмір мектебі" кітабында жазған. Қ Мұқанов

Возможно вам будет интересно

Ескекбаев Д. Этнографиялық зерттеу әдістері

Ескекбаев Д. Этнографиялық зерттеу әдістері

Прямой эфир. Центр комиксов. Обзор новинок

Прямой эфир. Центр комиксов. Обзор новинок