КОНДРАТОВА Валентина Ивановна (7.10.1945. Петропавл қ.) — ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ КСР және КСРО білім беру ісінің үздігі. 1970 ж. Петропавл пед. ин-тын бітірген. 1963—79 ж. бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, А.Гайдар атынд. №41 орта мектептің директоры, 1979—87 ж. Петропавл қ-ндағы Киров ауд. оқу бөлімінің меңгерушісі, 1987 жылдан — Петропавл қ-ндағы обл. жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры. ''Еңбек ардагері", Ы. Алтынсарин атынд. медалмен марапатталған. Есімі Петропавл қ-ндағы обл. Білім беру департаментінің Құрмет кітабына енгізшген.