Бүгінге дейін оқырман қауымға қырыққа жуық еңбегін ұсынған автордың бұл туындысы орыс тілінде жарық көрген. Кітапқа енген әрбір шығарманың айтары бар. Мәселен, "Разрешите жить!" повесіне жүз жасқа келген қарияның қилы өмірі, арман-тілегі, ішкі қайшылығы арқау болған. Ол өзінің қимыл- әрекеті арқылы оқырманды ешкімге зиян тигізбеуге, адал өмір сүруге шақырады. Ал "Доброжелательный Аскар", "Мальчик, победивший Джалмауз" ертегілері жас оқырманның көкейіне өмірге құштарлық, мейірімділдік сияқты қасиеттер ұялатады. "Бұл еңбектерім - ұзақ жылдан бері көз майымды тауысқан жұмысымның жемісі. Оқырманның кәдесіне жараса жазушы үшін одан асқан бақыт жоқ", — деді Баянғали Әлімжанов.
Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен жастар қаламгердің шығармашылығына терең үңілді. Ол шалқар шабытпен жырлаған қырғыз халқының мақтанышы - "Манас" дастанының кіріспе бөлімін жұртшылық жылы қабылдады.
Нұргүл ОҚАШЕВА, "Soltustik Qazaqstan"
Оқашева Н. Кітапханаға тарту. / "Soltustik Qazaqstan". -№13.-5 aqpan.-2019 jyl.-8 bet.
ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы