«Кітап - жарық ғалам» әдеби кездесуі. Ұлттық кітап күніне
2025 жылдың 18 сәуірі күні С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – жарық ғалам» атты әдеби кездесу өтті (тікелей эфирге
сілтеме).
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – жарық ғалам» атты әдеби кездесуде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистранты Диас Аяған Ұлттық кітап күнінің маңызы, көркем әдебиет оқудың пайдасы туралы баяндады. Оқырмандарға оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ақпарат беріліп, кітап ісінің тарихы туралы сөз болды.