«Кітап оқуды ілгерілету» онлайн-жобасы. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалар туралы

Бүгін «Кітап оқуды ілгерілету» онлайн-жобасының аясында ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары Жеңістің 80 жылдығына орай тікелей эфирде Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалар туралы ой бөлісті (эфирге сілтеме). Эфир барысында курсанттар соғыс туралы көркем әдебиеттің тарихи сананы қалыптастырудағы, патриоттық сезімді оятудағы және бейбітшіліктің құнын ұғындырудағы ерекше маңызын атап өтті. Соғыс туралы кітаптар – бұл тек өткенді еске алудың ғана емес, қазіргі ұрпақты бейбіт өмірдің қадірін білуге, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің құралы. Эфир барысында талқыланған туындылардың бірі – белорус жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» («У войны не женское лицо») романы. Бұл шығармада соғысқа қатысқан әйелдердің ащы шындығы, ерлігі мен қайғысы шынайы бейнеленген. Кітап туралы ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанты Құлмұратов Жәрмен айтып берді. Ал кеңес жазушысы Александр Бектің «Волоколамское шоссе» повесі туралы ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанты Биғазы Нұртай өз ойымен бөлісті. Бұл шығармада жауынгерлік рух, командир мен сарбаз арасындағы сенім мен жауапкершілік, жауға қарсы күрестегі ерік-жігер көркем тілмен суреттелген. Мұндай туындылар жас ұрпақтың санасын тереңдетіп, елін сүйетін, рухы биік азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Возможно вам будет интересно

История села Докучаево

История села Докучаево

Мейірманов Еркін Нұрмұханбетұлы

Мейірманов Еркін Нұрмұханбетұлы

«Иммунитет - главный дирижер». Здоровый образ жизни

«Иммунитет - главный дирижер». Здоровый образ жизни