2023 жылдың 3 ақпаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде қазақтың ұлы жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толуына арналған
«Халқымыздың асыл перзенті» атты тарих сағаты өтті.
Тікелей эфирде қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығы туралы, жыраудың сөз өнерін аса жоғары бағалағаны жөнінде жан-жақты баяндалды.
Бұқар жырау Қалқаманұлы - аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатерді, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халкының тағдырына ортақтасқан жырау.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги