Кешилева Зура Бостанқызы

КЕШИЛЕВА Зура Бостанқызы (13.03.1940. Мамлют ауд., Мамлют қ.) — ғалым. мед. ғыл. докт. (1990). Еуропа тері-венерологиялық аурулары академиясының корр. мүшесі, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1990). Алматы мемл. мед. ин-тын (1969), Мәскеу қ-ндағы Орталық терівенерологиялық аурулар ғылыми-зерттеу ин-тының аспирантурасын (1972) бітірген. 1969 жылдан Қазақ тері-венерологиялық аурулары ғыл.-зерт. ин-тының кіші ғыл. қызметкері, 1976 жылдан аға ғыл. қызметкері. 1981—2001 ж. директоры қызметтерін атқарған. "Альтамед" ғыл.-тәжірибелік орталығының президенті. Америка дерматологтар академиясының мүшесі (1994). 6 монографияның, жоғары мед. оқу орындарының, мед. колледждердің студенттеріне арналған 2 оқу құралының (қазақ тілінде) 19 өнертабыстың, 11-ден аса патенттің авторы. "Құрмет" орденімен мараптталған (1999). Америка биографиялық ин-ты К-ға "2001 жыл аруы" халықаралық титулын табыс етті. Әлем комитеті кеңесінің "Әлемнің алтын медалі" (1989) медалімен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

"Makerspace. Что такое технология Блокчеин"

"Makerspace. Что такое технология Блокчеин"

Уроки английского для детей (10-12 лет)

Уроки английского для детей (10-12 лет)

Война. Народ. Победа. 3 книга

Война. Народ. Победа. 3 книга