Кенжегузин Марат Балғожаұлы

КЕНЖЕГУЗИН Марат Балғожаұлы (30.05.1939. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Благовещен с. — 24.06.2006 Алматы) — экономист ғалым. Экон. ғыл. докт. (1982), проф. (1989). Еуразия Хатықар. экон. академиясының акад. (1998). Халықар. информатика академиясының акад. (2000). Г.В.Плеханов атынд. Мәскеу хатық шаруашылығы ин-тын (1962), 1965 ж. сол институттың аспирантурасын бітірген. 1965 аға инженер-экономист, 1966-68 ж. Қазақ КСР Мемл. жоспарлау к-ті жаныдағы Экономика ғыл.-зерт. ин-тының аға ғыл. қызметкері. 1968—79 ж. Қазақ Экономика және ауыл ш-ғын ұйымдастыру ҒЗИ-ның экон. кибернетика бөлімінің меңгерушісі, 1979-85 ж. КСРО ЦСУ-дің Санау механизациясы және есептеу жұмыстары жөніндегі Бүкілодақтық жобалау-тех-нол. ин-тының Қазақ филиалында директор. 1985—88 ж. оқу ісі жөніндегі проректоры, 1988—94 ж. Респ. АПК-ны басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994—95 ж. Қазақ Мемл. басқару академиясының ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан ҚР БҒМ Экономика ин-тының директоры. Оның 300-ден аса ғыл. жұмысы, оның ішінде 22 монографиясы және кітаптары жарық көрген. Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен. "Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісімен марапатталған (2002). Шығ.: Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Алматы. — 1997; Рынок ценных бумаг Казахстана: проблемы формирования и развития. Алматы. 1997 Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития в 2-х томах. Алматы. 2001: Экономика Казахстана на пути преобразований. Алматы, 2001; Казахстанская молель устойчивого экономического развития (научные основы построения и реализаций). Алматы, - 2003. Әдеб.: Казахская ССР. Краткая энциклопедия. т. 4 Алматы, 1991: Әбуталиев Н. Шоқ жұлдыз (тарихи-танымдық әңгімелер. естеліктер). Алматы, 1998: М. Ключеров. Земляки (сб. очерков). Челябинск, 2000.

Возможно вам будет интересно

Английский язык. Выпуск 21

Английский язык. Выпуск 21

Аднашев Ахат Махмутович

Аднашев Ахат Махмутович

"Бірге оқимыз". Тұрсын Гүлім жазушы Қалихан Ысқақтың "Қоңыр күз еді" повесть туралы

"Бірге оқимыз". Тұрсын Гүлім жазушы Қалихан Ысқақтың "Қоңыр күз еді" повесть туралы