Иманбаев Зейнел-Ғаби

ИМАНБАЕВ Зейнел-Ғаби (2.1.1924, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Ортакөл қонысы — 1987, сонда) — жазушы. Алғашқы шығармасы — "Қанатты өмір" әңгімесі "Әдебиет және өнер" журналына басылып шыққан (1953). 1959 ж. "Бастама" әңгімелер жинағын шығарған. "Сырымбет" (1960), "Дала көктемі" (1962), "Кішкене малшы" (1964), "Солмайтын гүл" ( 1968), ''Кіреуке мерген" (1973) шығармалары, "Айналайын адамдар" очерктер жинағы. т.б. повестері мен әңгімелері жарық көрген. Жазушының шығармның алғашқы сюжетін ауыл еңбеккерлерінің өмірі құраған. Шығарм. ізденіс үстінде И. туған өлкесінің өткеніне көп мән берген. Оның көптеген шығармалары балаларға арналып, "Арлан", '"Рыжая борода", "Малыш", т.б. жинақтарға біріктіріліп шығарылған. Медалдермен марапатталған.

Қ.Мұқанов

Возможно вам будет интересно

Offline к Дню единства народа Казахстана «Тұрақтылықтың тұғыры – татулық»

Offline к Дню единства народа Казахстана «Тұрақтылықтың тұғыры – татулық»

Всемирный день охраны труда. Встреча с Управлением государственной инспекции труда

Всемирный день охраны труда. Встреча с Управлением государственной инспекции труда

Любых Семен Маркович

Любых Семен Маркович