ИБРАГИМОВ Вагиз Ғалымұлы (28.10.1923, Петропавл -20.11.1984, Алматы қ.) - мемлекет және қоғам қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Киев Жеңіл өнеркәсіп технологиясы ин-тын бітірген. 1941 ж. өз еркімен майданға аттанып, ауыр жараланғаннан кейін Петропавлға оралған. Машина жасау з-тында, Алматы тоқыма ф-касында, қ-лық к-ттің аппаратында және Қазақстан Компартиясы ОК-нде, Қарағанды және Алматы халық ш. кеңесінде қызмет атқарған. 1965—84 ж. Республиканың Жеңіл өнеркәсіп министрі. 7—10 шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланған. Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медалдермен марапатталган.
С. Пресняков