ГНОЕВЫХ Петр Петрович (27.12.1921, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. Надеждин а.) — полковник, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1960 ж. Мәскеу қ-ндағы Әскери-саяси академияны бітірген. 1941 ж. Петропавл локомотив депосында жұмыс істеген. 1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылып. Орал ӘК полкінде қатардағы жауынгер ретінде әскери борышын өтеген. Кейіннен Түмен жаяу әскер әскери уч-шесіне оқуға қабылданған. Лейтенант шенінде Солт.-батыс майданға жіберітген. Петропавл қ-ндағы ұшқыштар мектебінің коменданты. Ташкент қ-ндағы ТУР-КВО штабының офицері болып тағайындалған. Петропавл қ-нда — Солт. Қазақстан обл. әскери к-ттің бөлім офицері, қазіргі Қызылжар ауд-ның әс-кери комиссары болған. Академиядағы оқуын аяқтаған сон Жамбыл обл. Меркі ауд. әскери комиссариатында әскери қызметін жалғастырған. Содан кейін Тәжікстанға жіберілген. 1971 ж. Солт. Қазақстан обл. әскери комиссариатында қызмет атқарған. 2 мәрте Отан соғысы. Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Әскери ерлігі үшін" медалімен, Қазақ ҚСР Жоғ. Кең-нің құрмет грамотасымен марапатталған.
С.Пресняков