Галимов Фарит Хабибрахманұлы

ГАЛИМОВ Фарит Хабибрахманұлы (16.12.1940, Петропавл қ.) — ҚР-на еңбек сіңірген құрылысшы, ҚР инж. академиясының корр. мүшесі. Құрылыс техникумын, Орал политех. ин-тын (1968), КСРО Халық ш. академиясы жанындағы басқару ин-тын (1982, Мәскеу қ.) бітірген. Еңбек жолын Петропавл қ-ндағы құрылыс-монтаж басқармасында (СМУ) бетоншы болып бастаған, кейіннен сол кәсіпорынның бастығы. 1976 ж. бас инж., трест басқарушысы. 1988 ж. қаңтар айынан бастап "Кокшетаустрой" жобалау-құрылыс бірлестігінің бастығы. 1990 ж. ақпан айынан бастап Қазақстан мемл. құрылыс к-тінің төрағасы, 1993 ж. ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрінің 1-орынбасары, 1996 жылдың қараша айынан бастап Жоғары және орт. мемл. органдарды Ақмола қ-на (Астана) көшіру жөніндегі ҚР мемл. комиссияның төрағасы боллы. "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.

К. Есмағамбетов

Возможно вам будет интересно

круглый стол "Молодежь за "Жаңа Қазақстан"

круглый стол "Молодежь за "Жаңа Қазақстан"

«Нашақорлық – қоғам дерті»

«Нашақорлық – қоғам дерті»

"Под звуки гитары"

"Под звуки гитары"