Ермұханбет Қуандықтың «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабының тұсаукесері

2022 жылдың 2 желтоқсаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында желтоқсан қаhарманы Ермұханбет Қуандықтың "1 жыл 11 ай 3 күн" кітабының тұсаукесері өтті. Бұл – кітап авторының бас бостандығынан айырылып, қапаста отырған мерзімі... Іс-шараға кітап авторы және ақын-жазушылар, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, оқытушылар, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты. Шараны белгілі жазушы, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат жүргізді. Кітаптың авторы – Ермұханбет Қуандық 1986-ның Желтоқсанында студенттер арасына қозғау салып, алаңға шығуды алғаш ұйымдастырушының бірі. Ол қарапайым азаматтық құқығын талап еткені үшін отаршыл-озбыр жүйе тарапынан қатал қуғынға ұшырап, оқудан шығарылып, тергеуге түсті. Бес жыл бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі кесіліп, қапасқа қамалды..Уақыт қысымымен, мерзімінен бұрын ақталып, 1 жыл 11 ай 3 күн түрмеде отырып шыққан соң да, еңсесін түсірместен өз ортасына оралды. Қайтпастан қуына жүріп, ҚазМУ-дың тарих факультетіне қайта қабылданды. Оқуын аяқтап, дипломын қолына алды. Заман талабына қарай еңбектенді. Ермұханбет Қуандық өмірбаяндық деректі "1 жыл 11 ай 3 күн" атты кітабында көп құпиясы әлі күнге толық ашылмай, жұмбақ жатқан Желтоқсан көтерілісінің өзі көзімен көріп, куәсі болған оқиғаларын боямасыз, қоспасыз нақты дерек-дәйектер арқылы жүйелі, тартымды баяндайды. Бұл кітапта Ермұханбеттің өмірін өзгерткен Желтоқсан тарихы, өзі мен "майдандас" достары басынан кешкен тәлейлі тағдыры тартымды да шынайы жазылған. Кітап авторы – Ермұханбет Қуандық кітаптың жазылу тарихы, мазмұны туралы айта келіп, кітаптың кейіпкері – біздің жерлесіміз, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Бағдат Мұқановамен ҚазМУ-дің тарих факультетінде бірге оқығанын, сотқа шақырылған жиырмадан астам студент-куәгерлердің ішінде өзін жақтап, батыл қорғап сөйлеген бірден-бір куәгері ол болғанын баса айтты, мұқабадағы ақ-көк-қызыл бояулардың мағынасына тоқталды, ақ түс - қар, көк түс – мұз, ал қызыл түс – жазықсыз төгілген қан,- деді. Қойылған сұрақтарға жауап берді. Келесі сөз сөйлеген жерлесіміз, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Бағдат Мұқанова Желтоқсан көтерілісінің өзі көзімен көрген оқиғаларын тізіп айтып берді. Желтоқсаншылар – әскери журналист Боташ Қажымов, Аққайың ауданы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Қайрат Бабанов, зейнеткер Айдарбек Бегенов сөз сөйледі. Жастар атынан сөз сөйлеген М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің «Foundation» факультетінің студенті Бақытгүл Аманжол «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабы туралы өз пікір-ойларымен бөлісті. Бұл кітаптың жастарға патриоттық тәрбие беруде, елін, жерін сүюге тәрбиелеуде маңызы зор, қазақ елінің болашағы жастарда, шетелден келсем де өз үлесімді қосамын,- деді. Қатысушылар «Желтоқсан – жан жарасы» атты кітап көрмесін тамашалады. #БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение

Возможно вам будет интересно

Приглашаем на оffline курсы французского языка

Приглашаем на оffline курсы французского языка

Мырзахмет А. Жетіирек

Мырзахмет А. Жетіирек

Қазақ халқының батырлық эпостары

Қазақ халқының батырлық эпостары