«Ел рәміздері - ел рухы» танымдық сағаты

2025 жылдың 4 маусымы күні сағат 17.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне «Ел рәміздері – ел рухы» тақырыбында танымдық сағат өтті (тікелей эфирге сілтеме). Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен қарыштап қадам басып келеміз. Осы рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы. Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, рәміздерді құрметтеуге жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында рәміздердің тарихымен жан-жақты таныстырылды.

Возможно вам будет интересно

Садуақасов Смағұл

Садуақасов Смағұл

«Ұлттың ұлы ұстазы»

«Ұлттың ұлы ұстазы»

"Мудрый сын земли казахской" к 125-летию Мухтара Ауэзова для Центра активного долголетия

"Мудрый сын земли казахской" к 125-летию Мухтара Ауэзова для Центра активного долголетия