Диркс Мартын Мартынович

ДИРКС Мартын Мартынович (1928, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. Березев а. — 1995, Германия) — Соц. Еңбек Ері (1971). Ақмола ауыл ш. ин-тын бітірген (1968). Еңбек жолын 1944 ж. тракторшы болып бастап, "Новая жизнь" ұжымшарының трактор-егіс бригадасының бригадирі болған. 1955—61 ж. Петропавл ауд. Киров атынд. ұжымшардың директоры, бірнеше жылдар бойы "Токушы" кеңшарының басшысы, ал 1977 жылдан "Петропавлоблгаз" тресінің бастығы қызметтерін атқарған. Ленин орденімен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Орал О. Ақырет жайлы 100 сұрақ

Орал О. Ақырет жайлы 100 сұрақ

Қазыбеков Есілбай Қазыбекұлы

Қазыбеков Есілбай Қазыбекұлы

«Қазақстан ғалымдары»

«Қазақстан ғалымдары»