Әдеби кеш «Жыр арқауы – Тәуелсіздік»

2022 жылдың 14 желтоқсаны Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында «Жыр арқауы - Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Әдеби кешке «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов; ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы; ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері Аманжол Зағыпар қатысып, тәуелсіздікке қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өлеңдерін оқыды.
С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің студенті Тайжан Нұрсұлтан тыңдаушылардың құлақ құрышын қандыра қазақтың күйлерін орындады. Тыңдаушылардың арасынан өнерлі жастар да өз лебіздерін білдіріп, жыр жолдарын оқыды.
Шараға қатысушылар «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің мекені» атты кітап көрмесімен танысты.
Әдеби-музыкалық кешке ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанттары, СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің және СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Возможно вам будет интересно

Виртуальный день информации «Современные образовательные практики»

Виртуальный день информации «Современные образовательные практики»

Жүнісов Қасым

Жүнісов Қасым

Offline «Есімдері есте қалар мәңгілік»

Offline «Есімдері есте қалар мәңгілік»