Данияров Нұрыш Даниярұлы

ДАНИЯРОВ Нұрыш Даниярұлы (1899. Солт. Қазақстан обл. Пресногорьков ауд. — 1938) — қоғам қайраткері, ұжымшар құру жұмыстарын ұйымдастырған. 1908—14 ж. Федоров а-ндағы орыс-қырғыз уч-щесінде оқыған. 1923—24 ж. Мәскеу қ-ндағы ВКП(б) ОК жанындағы уездік партия қызметкерлерінің курсын бітірген. 1930—31 ж. Астық кеңшарлары директорларының курсында тыңдаушы (Мәскеу қ.) болды. Еңбек жолын 1920—22 ж. Петропавл қ-лық халыққа білім беру ісінің Ақмола губ. бөлімшесінде нұсқаушы болып бастаған. 1922-23 ж. Ақмола губ. Черлак қ. Черлак уездік атқару к-тінде бөлім меңгерушісі, 1925— 30 ж. ВКП(б) Ақмола уездік к-тінің хатшысы. Петропавл қ-ндағы Губ. кеңестік партия мектебінің меңгерушісі, ВКП(б) Петропавл округі Октябрь аудандық к-тінің хатшысы: 1930—34 ж. Бейнетқор ауд. Қиялы, Шағадалы астық кеңшарлары директорларының орынбасары. Қарабалық ауд. Ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының директоры, ВКП(б) Ақтөбе обл. Адамов ауд. к-тінің хатшысы. ВКП(б) Алматы қ. өлкелік к-ті ауыл ш. бөлімінің нұсқаушысы. 1934-37 ж. ВКП(б) Оңт. Қазақстан обл. Сарысу ауд. (қазіргі Жамбьы обл.) к-тінің 1-хатшысы болып қызмет атқарған. "Социалистік шаруалар" газетін шығарушылардың бірі. Д. 1937 ж. 30 қазанда жазықсыз жала жабылып, тұтқынға алынған. 1938 ж. 19 ақпанда атылған.

Возможно вам будет интересно

Программа изучения английского языка "Access". Зал мировой литературы.

Программа изучения английского языка "Access". Зал мировой литературы.

Прямой эфир «Братья и сёстры» Ф.А. Абрамова

Прямой эфир «Братья и сёстры» Ф.А. Абрамова

Прямой эфир "Мастер биографического романа". К 120-летию Ирвинга Стоуна

Прямой эфир "Мастер биографического романа". К 120-летию Ирвинга Стоуна