ДҮЙСЕНОВ Сапар Дүйсенұлы (1924, Солт. Қазақстан обл. Есіт ауд. Тауағаш а.) — қоғам қайраткері. КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері (1982). ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері (2005). 1942 жылдан 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1943 ж. ұрыста ауыр жараланып, бірнеше ай бойы госпиталда жатқан. 1944ж. қаржы бөлімінің, Преснов ауд. халық сотының қызметкері. 1953 ж. Алматы қ-ндағы заң мектебін бітірген соң прокуратура органдарында тсргеуші, аға тергеуші, 1962—68 ж. Шал ақын ауд-ның прокуроры, 1968—74 ж. Мамлют ауд-ның прокуроры, 1974—87 ж. Солт. Қазақстан обл. прокурорының 1-орынбасары қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1972), медалдермен марапаттатған.