ӘБУОВ Қадыржан Қабиденұлы (26.12.1938, СҚО қазіргі Тайынша ауд. Талап а.) — ғалым, тарих ғыл. канд. (1976). проф. (1997). Қаз.КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1978). Петропавл пед. ин-тын (1962), Алматы Шет тілдер (қазіргі Қазақ мемл. халықар. қатынастар және әлем тілдері) ин-тының аспирантурасын (1972) бітірген. 1962—69 ж. Булаев (қазіргі М. Жұмабаев) және Айыртау аудандарында мектеи директоры болды. 1972 жылдан Ш. Уәлиханов атынд. Көкшетау мемл. ун-тінде қызмет атқарады. Ә. — 310-нан аса ғыл. еңбектің, 4 монографияның авторы.
Шығ.: Абылай, Кенесары (теңавт.), 1993; Қазақстан тарихының ақтандақ беттерінен. 1994; Политический словарь-справочник, 1996: Кокшетау: исторические очерки, 1997.
К. Сейдахметов