«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдік шығармашылығына арналған кітап көрмесінің тұсаукесері

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіков шығармашылығына арналған кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Төлен Әбдікұлы қалың оқырмандарға да әдеби ортаға да кеңінен танымал жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Шара барысында Төлен Әбдіктің өмірі мен қызметіне, шығармашылығына шолу жасалып, көрмеге қойылған кітаптары, жазушының түрлі мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, сұхбаттары таныстырылды. «Тұлға деректі фильмінен, жазушының «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесі бойынша түсірілген «Өтелмеген парыз»; «Оң қол» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген қысқаметражды фильмнен үзінділер көрсетілді. Іс-шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги

Возможно вам будет интересно

Экскурсиялық білім беру іс-шарасы «Білім жолына – кітаппен»

Экскурсиялық білім беру іс-шарасы «Білім жолына – кітаппен»

Джонс Д. У. Заколдованная жизнь

Джонс Д. У. Заколдованная жизнь

Краеведческий лекторий «Лидер по призванию» Герой Социалистического Труда Еркин Ауельбеков

Краеведческий лекторий «Лидер по призванию» Герой Социалистического Труда Еркин Ауельбеков

Сегодня , 24 июля, региональный представитель Международного сайта «Герои страны» Ж.М. Байбусунов в ... Читать полностью.