Бектұрғанов Шаймерден

БЕКТҰРҒАНОВ Шаймерден (1896-1937, Мамлют қ.) - саяси және қоғам қайраткері, революциялық қозғалыстарды ұйымдастырушы әрі тікелей қатысушы. Мәскеудегі Қызыл профессура ин-тын бітірген. 1916 ж. патша армиясына қара жұмысқа алынған. Ол жерде армияға жаңадан алынған қазақтарды патша саясатына қарсы үгіттегені және солдаттар қозғалыстарына қатысқаны үшін ұсталып, әскери-дала сотының шешімімен қатаң тәртіптегі жазалау батальонына жіберледі. 1917жылдың соңында еліне оралып, ауылдың кедей шаруаларын Кеңес үкіметін жақтауға үндейді. Колчак армиясының билігі тұсында оны тұтқындап. Есіл түрмесіне қамайды. Түрмеден қашып шыққан Б. Петропавл уезінің ауылдарында жасырынады. 1919 жылдың аяғында ауылдық кенестің төрағасы болып сайланады. 1921 жылғы Есіл бүлігі кезінде Қызыл армия қатарына кіреді. Одан кейінгі жылдары партиялық-кеңес және сот орындарында жұмыс істейді. Қазақ Орт. Атқару к-тіне мүше болып сайланған. Әдеб.: Жизнь продолжается. А., 2002.

С. Пресняков

Возможно вам будет интересно

Приглашаем на прямой эфир нашей творческой мастерской «Затея»

Приглашаем на прямой эфир нашей творческой мастерской «Затея»

Предлагаем вашему вниманию посмотреть наш видеопроект «Музей редкой книги» выпуск 20

Предлагаем вашему вниманию посмотреть наш видеопроект «Музей редкой книги» выпуск 20

Қасқабасов, С. Таңдамалы. 5-ші т.: Ғылым және ғалым

Қасқабасов, С. Таңдамалы. 5-ші т.: Ғылым және ғалым