Қазымбетов Ахметжан Қалижанұлы

ҚАЗЫМБЕТОВ Ахметжан Қалижанұлы (10.3.1935, қазіргі Уәлиханов ауд. XXII КОКП съезі атынд. кеңшар — 23.8.1978. Молдова. Кишинев қ.) — КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен КСРО чемпионы (1962-65). Қазақ КСР-інің 7 дүркін чемпионы. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Бүкілодақтық дәрежедегі төреші (1970). Ауыл ш. ин-тын бітірген (1958). Қазақ мемл. Дене тәрбиесі және спорт ин-тын бітірген (1967). 1959 ж. Қызылту ауд. комсомол к-тінің 2-хатшысы болып сайланды. 1961 жылдан Қазақстан ОК ЛКЖО аппаратының нұсқаушысы. спорттық қорғаныс бөлімнің меңгерушісі. "Қайрат" ЦС ДСО төрағасы (1965). КСРО халықтары спартакиадасына қатысқан (1956 — 65). Моңғолиядағы (1963), Үндістандағы (1965), Пәкстандағы (1965) халықар. жарыстарға қатысқан. Чехословакияда (1967), Польшада (1967). Болгарияда (1970) өткен жарыстарға команда жетекшісі болды. Кубаға (1973). Сирияға. Египетке (1974) делегаңия бастап барған. Монреалда (Канада) өткен Олимпиадалық ойындарда Қазақстан делегациясының құрамында болды (1976). Медалдермен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Рубина Д. На солнечной стороне улицы

Рубина Д. На солнечной стороне улицы

Приглашаем всех на урок по изучению английского языка

Приглашаем всех на урок по изучению английского языка

«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2025 жылдың 423 шілдесі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кіта... Читать полностью.