Қажыбай Төлеген Сыздықұлы

ҚАЖЫБАЙ Төлеген Сыздықұлы (12.12.1942, қазіргі Тайынша ауд. Орталық а.) — журналист, жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1975). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980). Көкшетау қ-ның құрметті азаматы (1999). Абай атынд. Қазақ пед. ин-тын бітірген (1966). 1966—72 ж. аралығында Көкшетау обл.. Ақмола обл. газеттерінде жұмыс істеді. Көкшетау обл. құрылғаннан кейін обл. "Солтүстік Қазақстан" газетінің тілші қосынын, обл. орт. Көкшетауға көшкеннен кейін Ақмола обл. "Арқа ажары" газетінің тілші қосынын басқарды. Алғашқы новелласы '"Бозторғай" 1966 ж., одан кейін "Еңбектегі ерлік" (1975) жинағы, '"Сенің атыңмен" (1980), "Құландардың қырылуы" (1984), "Көкшетау қарлығаштары" (1986) әңгімелер мен повестер жинағы, "Реквием" (1989) әңгімелер және повестері басылып шықты. Көптеген радиоин-сценировкалардың, 30 шақты әннің авторы.

Н.Ақбаев

Возможно вам будет интересно

Просмотр фильма на английском языке

Просмотр фильма на английском языке

Прямой эфир. Проект "Арт-энциклопедия". "Таланты музыкального искусства Казахстана: Тулеген Мухамеджанов"

Прямой эфир. Проект "Арт-энциклопедия". "Таланты музыкального искусства Казахстана: Тулеген Мухамеджанов"

Мерейгер кітаптар 2022. Д.Ф.Купердің «Прерия» және Ш. Бронтенің «Джейн Эйр»

Мерейгер кітаптар 2022. Д.Ф.Купердің «Прерия» және Ш. Бронтенің «Джейн Эйр»