«Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы»

2022 жылдың 22 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы» атты әдеби кеш өтті. Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кешті С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның кітапханашысы Дамира Серікбаева жүргізді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Көкбас Жазира «Шерхан Мұртазаның шығармашылығы туралы» мазмұнды да мағыналы баяндама жасады С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері Шегетай Нұрасыл Шерхан Мұртазаның «Бақа жұтқан жылан» әңгімесін мәнерлеп, жатқа оқып береді. Шара барысында слайд көрсетілді. Қатысушылар «Ақиқаттың алдаспаны» атты кітап көрмесін тамашалады. #БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация#ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги #Қазақәдебиетініңнартұлғасы

Возможно вам будет интересно

Баймухаметов Сергей

Баймухаметов Сергей

Приглашаем на прямой эфир в зал мировой литературы

Приглашаем на прямой эфир в зал мировой литературы

Приглашаем на психологическое занятие для людей старшего возраста

Приглашаем на психологическое занятие для людей старшего возраста