«Алмас жырлы ақын, батыр, күйші»

2023 жылдың 28 ақпаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған «Алмас жырлы ақын, батыр, күйші» атты әдеби кеш өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кешті С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова жүргізді. Алғашқы болып сөз сөйлеген М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бимақанова Зылыйқа Шахметқызы «Махамбет Өтемісұлы – батыр, қолбасшы, азаттық күрестің жетекшісі» тақырыбында баяндама жасады. «Махамбет Өтемісұлы – ақын» тақырыбындағы баяндаманы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Башенова Қырмызы Қанатқызы жасады. Махамбет Өтемісұлының «Исатай деген ағам бар», «Жалғыздық» атты өлеңдерін Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия мнтернаттың 9 сынып оқушылары – Аружан Марленова мен Кәусар Шалқарова, №8 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әдемі Амангелді «Менің атым - Махамбет» және «Жәңгірге айтқаны» атты өлеңдерін, Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің 3 курс студенті Бекзат Нахыпбек «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» атты ұзақ өлеңінен үзінді оқып берді. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш», «Өкініш», «Исатайдың Ақтабаны-ай» күйлерін Ақан сері атындағы облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрінің күйші-домбырашысы Диас Серікбай орындап берді. Шараға қатысушылар «Елдік пен ерлік жыршысы» атты кітап көрмесін тамашалады. #БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги

Возможно вам будет интересно

Мәлікова С. З., Ибраева А. Ғ., Тайшыбай З. С. Солтүстік Қазақстан облысы: тарих және тағылым

Мәлікова С. З., Ибраева А. Ғ., Тайшыбай З. С. Солтүстік Қазақстан облысы: тарих және тағылым

Школа инстаблогера

Школа инстаблогера

Григорян А. Осьминог

Григорян А. Осьминог