2025 жылдың 27 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ардагер ұстаз, қоғам белсендісі, тіл жанашыры, «Асыл мұра» ғылыми –зерттеу орталығының мүшесі, өлкетанушы, Республикалық «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қызылжар қаласындағы филиалының бас кеңесшісі, шығармашыл жан Ғалия Өмірбекованың «Бике елінің тарихы» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Бике елінің азаматтары, әріптестері, шәкірттері, туыстары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шараны ақын, журналист, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Самрат Құскенов ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы болып сөз алған кітап авторы Ғалия Өмірбекова «Бике елінің тарихы» кітабының жазылу себебі, мақсаты жайлы айта келіп, кітаптың мазмұнына толық тоқталды. Кітабында Бике ауылының неге «Бике» деп аталған тарихы, ауыл болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген, арттарына айшықты із қалдырған жандардың игілікті істері, ауылының қазіргі дамып-өркендеуіне үлкен үлес қосқан адамдар туралы жазғаны жайлы баяндады.
Кітаптың тұсау кесер рәсімін өлкетанушы, «Асыл мұра» орталығының ғылыми қызметкері Дәстен Баймұқанов пен Алматыдан келген ел азаматы, жерлесі биология ғылымдарының докторы, профессор Әйіп Ысқақов жасады.
Кітап туралы пікірлерімен өлкетанушы, «Асыл мұра» орталығының ғылыми қызметкері Дәстен Баймұқанов, қазір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, кітап авторының С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда мұғалім болып қызмет істеген кезіндегі директоры Жангелді Тәжин, туысы Кенжеболат Сенбай, шәкірттері – Берік Мұқанов, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Гүлфайраз Синбаева, жерлестері – биология ғылымдарының докторы, профессор Әйіп Ысқақов, Әлім Бейсенбаев, тіл жанашыры, белсенді оқырман Жапар Төлегенов, ардагер журналист Өмір Есқали бөлісті. Осы сөйлеушілердің бәрі де «Бике елінің тарихы» кітабы ұрпаққа өз елінің тарихын танып білуге көмектесетін, рух беретін, рухани жағынан азық болатын, тәрбие беретін өте құнды кітап екенін баса айтты.
Шара соңында кітап авторы Ғалия Әскерқызы барлық жиналған қауымға алғысын білдірді.








ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы