ҚАЛИЕВ Құдайберген Қалиұлы (25.10.1945, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Бірлік а.) — қызметкер. Қазақ ауыл ш. ин-тын бітірген (1966). 1969-73 ж. осы ауд-ның Б.Хмельницкий кеңшарында бас агроном; 1973-75 ж. ''Интернашюнальный" кеңшарының партия к-тінің хатшысы. 1975—85 ж. "Целинный" кеңшарының директоры: 1985— 88 ж. Соколов ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1988-91 ж. Тимирязов ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1991-92 ж. Тимирязов ауд. атқару к-тінің төрағасы. 1992-95 ж. Солт. Қазақстан обл. әкімшілігі басшысының 1-орынбасары, 1995-2002 ж. Солт. Қазақстан обл. Әкімшілігі басшысының 1-орынбасары қызметтерін атқарған. 2002 жылдың мамыр айынан бастап "Продкорпорация" ЖАҚ өкілдігінің директоры. "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.
Қ.Мұқанов