«Алаштың Ахметі» оқырмандар конференциясы

2022 жылдың 18 қарашасы Сәбит Мұқанов облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында «Алаштың Ахметі» атты оқырмандар конференциясы өтті. Аталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында өтті. Конференция ҚР Ұлттық ұланы академиясы Тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушысы Зейнина В.У.; А.Байтұрсынов атындағы №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жетпісова Р.Ж.; №5 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұратова Ф.Т.;№7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаббасова С.С. баяндама жасады. А.Байтұрсынов атындағы №9 орта мектептің 10-сынып оқушысы Кожин Чингис ақынның «Достыма хат» өлеңін оқыса, №5 орта мектеп оқушылары ақын өлеңдерінен композиция ұсынды. Шараға қатысушылар «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесімен танысты. Конференцияға М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері, А.Байтұрсынов атындағы №9 орта мектеп, №5 орта мектеп және С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары шақырылды. [gallery ids="66917,66923,66926,66929,66932,66935,66938,66941,66944,66948"]

Возможно вам будет интересно

Сухонос С. И. Десять форм жизни во Вселенной

Сухонос С. И. Десять форм жизни во Вселенной

Сабит Муканов — казахский и советский классик литературы

Сабит Муканов — казахский и советский классик литературы

Лаумулин М. Т. Беларусь между Востоком и западом

Лаумулин М. Т. Беларусь между Востоком и западом