Ахметбеков Маркен Ахметбекұлы

АХМЕТБЕКОВ Маркен Ахметбекұлы (5.2.1940, қазіргі Шал ақын ауд. Қаратал а. — 6.10.1993) — еңбек озаты, өндіріс ұйымдастырушысы. 1962 ж. Алматы малдәрігерлік ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық ун-ті) және КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1983) бітірген. 1962 жылдан Солт. Қазақстан мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер, Сергеев (қазіргі Шат ақын) ауд-ның кеңшарларында зоотехник, бас зоотехник, Сергеев ауд. а.ш. басқармасы бастығының орынбасары, "Ступинский" кеңшарының директоры, Солт. Қазақстан Бескөл (қазіргі Қызылжар ауд.) ауд. атқару к-тінің төрағасы; 1974—81 ж. Солт. Қазақстан обл. Жамбьи ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1983—85 ж. обл. ат-қару к-ті ауыл ш. және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1985—89 ж. Сергеев ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1989—91 ж. обл. партия к-тінің 2-хатшысы; 1991—93 ж. обл. агроөнеркәсіп к-ті торағасының орынбасары. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.

Г. Қадірәлі

Возможно вам будет интересно

Елгезек А. Шаһар кезген

Елгезек А. Шаһар кезген

Социальное партнерство

Социальное партнерство

Миллер Владимир Иосифович

Миллер Владимир Иосифович