Аднашев Ахат Махмұтұлы

АДНАШЕВ Ахат Махмұтұлы (1918, Петропавл қ. - 1944, Берлин қ.) — жауынгер. фашистік концентрациялық лагеріндегі астыртын қозғалыстың жетекшісі. 1938 ж. Қызыл Армия қатарына алынып, Батыс Украина және Бессарабия жорықтарына қатысқан. 2-дүниежүз. соғыстың алғашқы күнінен бастап пулеметшілер бөлімін басқарған. Ұрыста көрсеткен ерліктері үшін 1942 ж. жазда "Қызьш Жұлдыз" орденімен марапатталған. Сол жылы тұтқынға түсіп, лагерде астыртын ұйым жұмысына араласқан. А. тұтқындағыларға көмек көрсету мақсатында "Түркістан легионы" құрамына кіріп, тұтқындағы татар ақыны Мұса Жәлелмен байланыс жасаған. Астыртын ұйымның жұмысын фашистер әшкерелеп, оларды Берлин түрмесінде жазалаған. С. Пресняков

Возможно вам будет интересно

«Автор памяти» 90 лет со дня рождения  архитектора Ш. Валиханова

«Автор памяти» 90 лет со дня рождения архитектора Ш. Валиханова

«Забытая история». «Петропавловск в годы Великой Отечественной войны»

«Забытая история». «Петропавловск в годы Великой Отечественной войны»

Дрисколл Т. До самой смерти

Дрисколл Т. До самой смерти