Биыл Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылғанына 80 жыл. Шығарма 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен шағын кітап күйінде шығып, кейін 1950 жылы «Қазақ солдаты» деп өзгертіліп, толықтырылып қайта жазылған. «Қазақ солдаты» романы бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды.
Романның басты кейіпкері Қайрош Сарталиев өмірден алынған кейіпкер. Оның басты прототипі – Кеңес одағының батыры, атыраулық Қайырғали Смағұлов. Эфирде романның негізгі кейіпкері туралы мағлұмат беріліп, романның жазылу тарихы баяндалады (эфирге
сілтеме).