4 ақпан күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Есенгелді Сүйінов қонақта болды. Жазушы кітапханаға кітаптар сыйлады. Кітапхананың бөлімдерін аралап, Сирек кітап музейі мен С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-бөлмесінде болды.
Е.Сүйінұлы кітапхананың тарихымен және оның қазіргі заманға сай қызмет көрсету жүйесімен танысып, жаңа технологиялардың енгізілуіне қызығушылық танытты. Сонымен қатар, сирек кездесетін басылымдар мен құнды әдебиеттер қорының сақталу жағдайына ерекше назар аударды. Кітапхана ұжымымен әңгіме барысында Сүйінұлы Есенгелді кітап оқу мәдениетінің дамуы мен жас ұрпақты әдебиетке баулудың маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.