Ақпараттық сағат «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп»

2022 жылдың 22 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде 26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп» атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатты кітапханашы Дамира Серікбаева өткізді. Ол бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет – нашақорлық туралы, есірткілерді пайдаланудың қауіптілігі, қолданудың белгілері, қолданғаннан кейін бала тәртібінде байқалатын өзгерістер жайында, есірткінің зардабы мен асқынуы және нашақорлықпен күресу жолдарына жеке-жеке тоқталды. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік! #БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #НашақорлықҚоғамғаТөнгенҚауіп

Возможно вам будет интересно

Презентация 7-томника трудов Аль-Фараби

Презентация 7-томника трудов Аль-Фараби

Приглашаем на прямой эфир урок памяти "Легендарный казахстанский сокол"

Приглашаем на прямой эфир урок памяти "Легендарный казахстанский сокол"

Проект «Уличные библиотеки (SMART библиотеки, Мобильные библиотеки)»

Проект «Уличные библиотеки (SMART библиотеки, Мобильные библиотеки)»