Чернышев Александр Иванович

ЧЕРНЫШЕВ Александр Иванович (1925, Солт. Қазақстан обл. Қызылжар ауд. Соколов с. – 1990, Алматы қ.) – партия, еңбек ардагері. СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1961). 1944-63 ж. Петропавл қ-лық партия к-тінің хатшысы, Петропавл қ-лық атқару к-тінің төрағасы, 1963 – 69 ж. коммуналдық (тұрғын үй шаруашылығы) қызмет бөлімінің меңгерушісі. Целиноград қ-лық атқару к-тінің төрағасы, Целиноград қалалық партия к-тінің 1-хатшысы, Целиноград обл. партия к-тінің хатшысы. 1970 жылдан Респ. соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ордендермен және медалдермен марапатталған.