Әбу Насыр Әл Фарабидің даналық мұрасы және ұлттық мүдде мәселесі

С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан ОӘҒК-ның қызметкерлері Петропавл қаласының «Әл-Фараби» мектеп-лицейінде болды. Мектеп директоры Күлімкөз Қайырбайқызы Смаилова оn-line форматта  Әл –Фараби музейі бойынша экскурсиялық тур өткізіп, Әбу Насыр Әл Фарабидің даналық мұрасы жайлы және де қазақтың ұлы ойшылының мұрасы қалай насихатталып жатқаны туралы сөз қозғады.