Бочагов Юрий Федорович

БОЧАГОВ Юрий Федорович (18.9.1924, Петропавл қ.) — Қазақстан баспа ісінің ардагері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Еңбек жолын Петропавл типографиясында бастап, түптеуші, кесуші, басып шығару цехының бастығы болып жұмыс істеген. Соғыс жылдары әрекетті армияда болып, соғыс біткен соң сол типографияға қайтып оралған. 1957 жылдан типография директоры болып, 20 жылдан аса уақыт басқарды. Онын техникасын жаңартып, басқа облыстар (Көкшетау. Торғай, Рудный) мен аудандық баспаханаларға баспа ісінің білікті маман кадрларын даярлады. Баспа үйі кешенінің құрылысын салуды, қазіргі заманғы үлгідегі баспахана ұйымдастырды. Қазір зейнеткерлік демалыста. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медалдермен марапатталған.