Бочагов Архип Кузьмич

БОЧАГОВ Архип Кузьмич (19.12.1898. СҚО қазіргі М. Жұмабаев ауд. Белое с. — 25.2.1976. Ресей. Орынбор қ.) — қоғам қайраткері. 1918—19 ж. колчакшылар тылында астыртын рев. қозғалыстарға қатысқан. 1920 ж. Петропавл қ-нан шығатын “Мир труда” газетінің редакторы болды. Кейіннен Мәскеу қ-нда оқып. Орынбор обл-нда обл. білім беру бөлімінін меңгерушісі. Мед. ин-ттың оқытушысы болып жұмыс істеген. 1961 жылдан Орынбор пед. ин-тының ректоры қызметін атқарған. Б-тың “Город в степи” (1968), “Люди вечной молодости” (1971), “У истоков” (1972) кітаптары жарық көрген. Ордендермен және медалдермен марапатталған. Әдеб.: Аманжолова Д.А.. Казахский автономизм и Россия. М., 1994: Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

С. Пресняков