Ұлы Абай: «Халық даналығы – қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Халық сол астарлы, ақылды, ұшқыр асыл сөздерімен билік айтып, соны заң деңгейіне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік тапжылмайтын үкім деп есептелген… Ал, қазақ халқының осындай белгілі сөздері, айтқан ойлары, амал не, хатқа түспей, көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келді…», – дейді. Өте орынды айтылған ой. Бұл жайт бүгінгі күнге дейін еш құнын жоймағаны сөзсіз.
Бүгін ұсынылған «Ұлы Дала тұлгаларының даналық сөздері» кітабында қазақ топырағында туып-өскен, өмір сүрген 100-ден аса танымал тұлгалардың әдеби және ғылыми мұраларынан, әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған макалаларынан, естеліктерінен, ресми құжаттардан және т.б. деректерден іріктеліп алынған 1300-ден аса нақыл сөздері мен ой-толғамдары топтастырылды.
Жинақтың мақсаты — көне замандардан бергі туған жерге қатысты, оған қызмет ету, ұрпақ тәрбиесі, білім, дін, мәдениет, еңбек ету, бақытқа жету тәрізді мәңгілік мәселелерді көтерген керемет ойлардын сан ғасырлар бойы қазақ жерінде үзілмей, жалғасып келе жаткандығын, ұрпақтар арасындағы идеялык сабақтастықтың сақталғандығын көрсету.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу