«Бір кітаптың парақтарымен» «Ахмет Байтұрсынұлы»

Біз тарихымызды таныған, тұлғаларымызды бағалаған дегдар жұрт, естияр халықпыз. Қазақ елінің тәуелсіздік алуы осыған толық мүмкіндік ашты. Ахандар күрескен, сан ұрпақ аңсаған азаттық таңында сол арыстарымызды ардақтау перзенттік борышымыз, перзенттік парызымыз десек – «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясы – соның нақты көрінісі. Тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл тұлғалық энциклопедия ұлт тарихындағы аса көрнекті қайраткер-қаламгердің өмірі, қызметі, шығармашылығы жайында ақпарат береді.
А.Байтүрсынұлы өз кезеңінде ұлттың рухани ұстазы болғанын бәріміз білеміз. Алаш қозғалысына ұласар шағында Ахметтің мол күш- жігері елді ағарту (баспасөз, оқулық шығару) ісіне жұмсалды. Орайы келгенде көркем өнерге қатысты ой айтты. Бірақ бұл ойы темірқазықтай айқын еді. Осы уақытта тұлғатанудың алтын қорына қосылған «Қазақтың бас ақыны» атты зерттеу мақаласын жазды. Бұл жайында «Абай», «Қазақтың бас ақыны» энциклопедияға енген мақалаларында оқи аласыздар.
Ахмет Байтұрсынұлы — қайраткер тұлға. Алаш қозғалысының бастауында тұрып, оның өрістеуіне, жалпыұлттық қозғалысқа айналуына ерен еңбек сіңірген шын мәніндегі ұлт қайраткері. Тіпті, Алашорда таратылып, кеңестік билік орнаған шақта да Ахаң қайраткерлік тұғырында қалды.
Бұл энциклопедияда Алашқа қатысты 43 астам мақала жарияланған. Мысалы: «Алаш алыптары: Ахмет Байтұрсынов» – 32 минутты деректік фильм, сценарий авторы – Сұлтанбек Аққұлұлы. Не болмаса «Алашорда: қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және қазіргі заман» — халықаралық ғылыми конференция материалдары. Бұл жинақта К. Еңсебаеваның Ахмет байтұрсынұлының ғылыми мұрасы жайында «Даралығы даналыққа айналған ұстаз» көлемді зерттеуі жарияланған.
Бүгінгі шығарылымның кейіпкері — ақын, ақын болғанда дәуірдің ұранын, поэзияда ағартушылықтың арнасын кеңейткен, бүкіл өлеңі әлеуметтік мазмұнға құрылған елшіл, халықшыл ақын. Оған аудармашылығын қоссақ, онда Ахаңның шығармашылық түлғасы толыға түседі. Энциклопедияда Аханның «Қырық мысал» өлеңдер жинағы, «Жұртыма», «Тұтқын зары», «Таза бұлақ» өлеңдері жайында оқи аласыздар. Ал аудармалары жайнда «Аудармалары», «Крылов» және т.б мақалаларында оқи аласыздар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #БірКітаптыңПарақтарымен