«Бір ел – бір кітап»

«Бір ел – бір кітап» акциясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап назарларыңызға Поэзияны ұсынамыз. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
Акция аясында кітапханада бес бөлімнен (поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аудармалар) тұратын «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» көрмесі ұйымдастырылды. Бүгін көрменің поэзия бөліміне онлайн-шолу жасалды. Акция бойынша поэзия жанрында М.Мақатаевтың «Өмірдастан», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», «Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап», С.Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Т.Таңжарықтың «Түн парақтары», Б.Қанапияновтың «Достояние души» атты кітаптары іріктелді. Көрмеден осы кітаптармен қатар, аталған авторлардың басқа кітаптарымен де таныса аласыздар.