«Бір ел – бір кітап» акциясы «Ұлағатты ұлт ұстазы»

Биыл ақын, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл, әрі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында жыл бойы жаппай ел болып оқуға А.Байтұрсынұлының шығармашылығы таңдалды. Бүгінгі эфирде Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалиева Айнұр Молдашқызы А.Байтұрсынұлының мысалдарына талдау жасады. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың оянуына ықпал етті. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #БірЕлБірКітап