«Бір ел – бір кітап»

Бүгін кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында «Әдеби Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты оқырман конференциясы өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Көкбас Жазира; М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Ысқақова Лина Құдабайқызы; Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әдеби бөлім меңгерушісі Рощупкин Павел Константинович; Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалиева Айнұр Молдашқызы; филология ғылымдарының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің Тіл және әдебиет институтының Герман-роман филологиясы кафедрасының Құрметті профессоры Тетюхин Евгений Петрович; осы кафедраның оқытушысы Хисматуллина Аделина Наилевна қатысып, сөз сөйледі. М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 3 курс студенттері Сембаева Ақнұр, Құрмаш Дариға және Мутал Аружан Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді. Шараның құрметті қонағы, ақын Марал Оспанова өлең оқыды.
Шараға тыңдаушы ретінде қаланың оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесімен танысты.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #БірЕлБірКітап